Яғни, бастары айналып, жөтел қысып, тамақтары қышыпты. Шақырылған жедел жәрдем поштаның 5 қызметкерін ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлер оларды газдан улануы мүмкін дейді. Науқастар ем-домын жасап, үйлеріне жіберілген. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.
Салтанат СӘДЕНОВА, пошта қызметкері:
-Сағат 2-лерде болған оқиға. Бір мезетте болды. Осы жерде отырғандадың бастары ауырып, жөтеліп, кейбіреулерінің үстерінде қышу пайда болды. Сосын жедел жәрдем алып кетті. Клиенттердің бастары ауырып, жөтеліп, шығып кетті далаға.