Еліміздің бірнеше жетекші оқу орны Мәдениет министрлігінің қарамағына берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің  бірнеше жетекші оқу орны  Мәдениет министрлігінің қарамағына берілді

Еліміздің бірнеше жетекші оқу орны Мәдениет министрлігінің қарамағына берілді

Еліміздің өнер саласына кадр әзірлейтін 9  жетекші оқу орны бұдан-былай Білім министрлігіне бағынбайды. Себебі 1-ші қаңтардан бастап әнші, биші, жалпы әртістерді оқыту Мәдениет министрлігінің құзырына өтті. Шығармашылыққа онсыз да жанымыз жақын деген ведомства  өнер ордаларының  нағыз өз отауын тапқанына қуанып отыр.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Бұл талай өнер тарландарын тәрбилеген қарашаңырақ Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы. Осы оқу орнын қазіргі Мәдениет министрі басқарғанын айта кетейік. Енді араға жыл салып Академия Арыстанбек Мұхамедиұлының тікелей қарамағына қайта өтіп отыр.  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университеті де, ендігі жерде Мәдениет және спорт министрлігіне бағынышты. Сонымен қатар Алматыдағы музыка колледжі, хороеграфиялық училище, Сәндік қолданбалы өнер колледжі, Эстрадалық  цирк колледжі мен Ахмет Жұбанов пен Күләш Бәйсейітова атындағы мектеп интернатқа бюжеттен ақша бөліп, оқу бағдарламаларын жасап емтихан өткізу  мәселелерін Мәдениет министрлігі шешеді. Қысқасы әнші, биші, күйші, суретші,  цирк пен кино әртістерін әзірлеуді мойнына алған ведомства өнерді қарыштау күтіп тұр деп сендірді.

Дінислам Болатханұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры:

-Осы оқу орындарына ерекше қамқорлық жасау. Яғни, олардың ішкі проблемаларына  терең үңіліп терең түсіну. Ешқандай студент  далада қалмайды. Оқытушылар өз жұмыстарын жалғастыра береді. Қайта керісінше, Мәдениет министрлігі солардың жұмыс істеуіне бар жағдайды жасап отыратын болады.