Қайрат Мәми судьяларға сенімнің артқанын айтып мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Мәми судьяларға сенімнің артқанын айтып мақтанды

Қайрат Мәми судьяларға сенімнің артқанын айтып мақтанды

Сондай-ақ, бүгін Президент кабинетінде  Жоғарғы соттың төрағасы да  болды. Қайрат Мәми Елбасының алдында судьяларға халықтың сенімі артып келеді деп мақтанды.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Мақтануына былтыр сотқа  1 миллионнан астам адамның  әділдік іздеп келуі себеп екен. Жоғарғы сот төрағасы осы көрсеткішке  тым қуанып отыр. Ал мемлекет басшысы болса,  Қайрат Мәмиге  судьялардың  қара қылды қақ жарып ешкімге жалтақтамай әділ шешім шығаруын талап етті. Және де, соттардағы парақорлықты жойып, салағы жаңа инновацияларды енгізуді жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев,Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сот жүйесінің мақсаттары азаймай тұр ғой қазіргі заманда. Сол жағынан менің Үкіметке берген тапсырмам бар, сьездің шешімдері бар. Не істеп жатқандарыңды  білейін деп шақырып отырмын.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

-Өзіңіз айтқандай, азаматтар шындықты, биік кабинеттерден емес, соттардан іздеуге үйреніп келе жатыр.Бұл мәселе қалыптасып келе жатыр.Жүктеменің көтеріліп келе жатқанына қарамастан соттар істердің бәрін уақытылы барынша сапалы қарайды.Жалпы көпшіліктің сотқа, судьяға деген сенімі артып келе жатқаны байқалады.