Депутаттар бетімен кеткен банктер үшін Келімбетовті сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар бетімен кеткен банктер үшін Келімбетовті сынға алды

Депутаттар бетімен кеткен банктер үшін Келімбетовті сынға алды

Мәжіліс теңгемен несие беруді доғарған банктерге шүйлікті. Себебі өз пайдаларын ойлаған еліміздегі екінші деңгейлі банктер қарызды тек доллармен беріп жатыр.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz

Оның үстіне ұлттық валютамен берілетін несиенің пайыздық үстемақысы бірнеше есеге жоғары. Бұл әсіресе кәсіпкерлер үшін қиын болып отыр. Бүгін мәжілісмендер Ұлттық банк төрағасынан отандық несие нарығында аяқасты   теңге тапшылығының қайдан шыққанын түсіндіріп беруді талап етті. Өйткені, Елбасы жуырда ғана ішкі нарықтағы долларға деген тәуелділікті түбегейлі жоюды тапсырға еді. Бірақ, банктер бәрін керісінше істеуде. Несиенің басым бөлігін шетелдік валютамен ғана беріп, бар қаржылық қиындықты кәсіпкерлер мен қарапайым халыққа артып қойды, — дейді депутаттар. Сөйтіп еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетовке бірнеше сауал жолдады.

Светлана Қадырәлиева, Мәжіліс депутаты:

-Ұлттық банк төрағасы нарықтағы теңге тапшылығынан хабардар ма? Егер, жағдайды біліп, көріп отырсаңыз, алдағы уақытта қандай шара қолданбақсыз? Екінші деңгейлі банктердің теңгемен несие беруден бас тартып, шетелдік валютаға байланып қалуы заңбұзушылыққа жатпай ма? Ұлттық банк мұндай қаржы институттарын жауапқа тарта ма?