Петропавлда ТЭЦ-2 жыл аяғында жаңа қуатты турбинаны іске қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда ТЭЦ-2 жыл аяғында жаңа қуатты турбинаны іске қосады

Петропавлда ТЭЦ-2 жыл аяғында жаңа қуатты турбинаны іске қосады

Петропавлда  ТЭЦ-2-де   2015 жылы жаңа турбина іске қосылмақ, ол станса қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. 

  • 29 Қаңтар 2015
  • 602
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 «2015 жылы энергетиктерде жоспар көп,  жөндеуден өткен №12 қазандық агрегаты мен жаңа №1 турбина іске қосылады. №1 стансалық құбыр агрегатын ауыстыру жұмыстары 2015 жылы қазанда  аяқталуы тиіс. 2015 жылдың соңында стансаның белгіленген қуаты 347 МВт-дан 455 МВт-ға дейін артады», — делінген хабарламада.

  Петропавл ТЭЦ-2-де «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы қолға алынған бес жылда жабдықтардың тозуы 22 пайызға (89-дан 67 пайызға дейін) төмендеді. 2016 жылға дейін бұл көрсеткішті 59 пайызға дейін қысқарту көзделген.