Несиесін жабу үшін өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Несиесін жабу үшін өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған

Несиесін жабу үшін өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған

Жалалабад  облысында ер адам несиесін жабу мақсатында өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 642
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы сәрсенбіде ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

Жалалабад ІІБ 5-бөлімінің қызметкерлері Шатқал ауданының прокуратурасымен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде Шатқал аудандық АҚАЖ маманы қызметін теріс пайдаланған факті анықталды.

АҚАЖ-дың басшы буын қызметкерінің РФ азаматы,  Жалалабад облысының тумасы А.З. қайтыс болғаны туралы куәлік жазып, ресми құжатқа өзгеріс енгізгені анықталды.

Сонымен бірге азаматша  А.З. аман-есен екендігі, куәлікті несие жабу мақсатында алғандығы белгілі болды.   


Аталмыш факті бойынша ҚК 304-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.