Француз полициясы мектепте террористерді қолдайтынын мәлімдеген оқушыны тергеуге алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Француз полициясы мектепте террористерді қолдайтынын мәлімдеген оқушыны тергеуге алды

Француз полициясы мектепте террористерді қолдайтынын мәлімдеген оқушыны тергеуге алды

 Франциядағы Ницца қаласының полицейлері мектепте "Charlie Hebdo журналының редакциясында оқ атқан террористерді қолдаймын" деп мәлімдеген оқушыны тергеді, - деп жазады today.kzсайты. 

  • 29 Қаңтар 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz


Аталған терактіде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алуға қатысудан бас тартқан бала «террористердің жағындамын» деп мәлімдеген. Содан соң мектеп басшылығы болған жайды полицияға хабарлаған көрінеді.
«Біз сегіз жасар баланың неліктен радикалды ой білдіргенін білу үшін бүлдіршін мен оның әкесінен жауап алдық», — дейді қалалық полиция өкілі.
Оның айтуынша, жауап алу кезінде бала терроризмнің не екенін білмейтінін айтқан.