Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзін қала әкімдігінің қызметкері деп таныстырған ол «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үй алуға көмектесу үшін тұрғындардан 200 млн теңгеден астам ақша жинап алған.
Полицияға алаяқтық әрекеттен зардап шеккен 36 адам арызданыпты.
Орал қалалық соты күдіктіні екі ай қамауға санкция берді.