Жеңіс күніне 100 күн қалғанда 100 бейнеролик көрерменге жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіс күніне 100 күн қалғанда 100 бейнеролик көрерменге жол тартты

Жеңіс күніне 100 күн қалғанда 100 бейнеролик көрерменге жол тартты

Қаңтардың 29-нан бастап «Астана» телеарнасынан  «Қазақстандық қаһармандар» тақырыбымен әзірленген 100 бейнеролик көрсетіле бастайды.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 557
Фото - Caravan.kz

1941 — 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне 100 күн қалғанда көрерменге жол тартқан бейнероликтерді «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Астана» телеарнасы әзірледі.

Бұл туралы бүгін Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу мәселесі бойынша өткен селекторлық кеңесте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

Партия бұл жоба арқылы қазақстандықтарға, әсіресе жас ұрпаққа  тек баршаға кеңінен танымал батырларды ғана емес, есімдері елеусіз қалған қаһармандарды да кеңінен таныстыруды көздеп отыр.

«Түптеп келгенде, атқарылар жұмыстың мәні – тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясатының, Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға, елінің амандығы мен мемлекетінің тәуелсіздігі үшін сапқа тұруға қашанда даяр болуға тәрбиелеу», — деді Б.Байбек.

         Бірқатар министрліктер мен мекемелердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ, өңірлердегі партия филиалдарының басшыларының қатысуымен өткен кеңесте «Нұр Отан» партиясының мерейтойлық жыл аясында жоспарланған іс-шаралары хабарланды.