Маңғыстау облысының Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі департаментінің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі департаментінің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Маңғыстау облысының Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі департаментінің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айрылды

 28 қаңтардың күні Ақтау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 311-бабының 4-бөлігі «г» тармағымен (бірнеше рет пара алу, әрі қарай ҚК) Е.Оспановқа, ҚК-нің 313-бабының 1-бөлігімен(парақорлыққа делдал болу) Н.Ихсанова мен Ж.Куразоваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

  • 29 Қаңтар 2015
  • 437
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге салсақ, алдын ала тергеу органдары Е.Оспанов ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің Маңғыстау облыстық Департаментінің басшысы бола тұра, мемлекеттік қызметке үміткерлерден тестілеуден жағымды нәтижеге жету үшін бірнеше рет ақшалай сыйлықтар алғаны үшін, ал Н.Ихсанова мен Ж.Куразова тиісінше Департамент басшысының орынбасары және персоналды басқару бөлімінің басшысы лауазымдарын атқара отырып, пара алуға және беруге делдал болғаны үшін айыптаған.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Е.Оспанов ҚК-нің 366-бабының 3 бөлімінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленіп, жеке мүлкі тәркіленіп, ҚК-нің 41-бабының 2бөліміне сай /ескі редакциядағы/ мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқынан 7 /жеті/ жылға айырылды.
Бір эпизоды бойынша Е.Оспанов кінәсіз деп танылып, оның кінәсі дәлелденбегендіктен ақталған.

Н.Ихсанова және Ж.Куразова ҚК-нің 313-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына жаза ретінде 700 /жеті жүз/ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 387 400 /бір миллион үш жүз сексен жеті мың төрт жүз/ теңгеден айыппұл салынып, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқынан 1 /бір/ жылға айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.