Республикада 13 млн. тонна астық бар - ҚР АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикада 13 млн. тонна астық бар - ҚР АШМ

Республикада 13 млн. тонна астық бар - ҚР АШМ

Қазақстанда астық сақтау қоймалары 52 пайызға жүктелген.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 1665
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды.

«Қазіргі таңда еліміз бойынша астық сақтау қоймаларының қуаттылығы 25,1 млн. тонна. Биылғы 1 қаңтардағы жағдайға қарағанда, республикада 13,2 млн. тонна астық бар. Барлық сақтау қоймалары 52,6 пайызға жүктелген», — делінген министрлік мәліметінде.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарының жалпы егіс көлемі 21,5 млн. гектарды қамтып отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 15,3 млн. гектар болса, соның 12,4 млн. гектары — бидай егістері. 2013 жылмен салыстырғанда, бидай алқаптары 699 гектарға кемісе, ал майлы дақылдар алқабы керісінше, артып, 2,3 млн. гектарға жетті.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы бастапқы салмақта 18,9 млн. тонна астық бастырылды, оның ішінде бидайдың үлесі 14,5 млн. тоннаны құрады.