Бұл текетірестің соңы шын соғысқа айналып кетуі де ғажап емес, дейді КСРО-ың бұрынғы президенті Михаил Горбачев.
«Қазір Америка мен Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялардан басқа ештеңе айтпайды. Олар шын мәнінде ақылынан адасқан ба, сонда? Америка мүлдем «джунглиде адасып жүр». Бізді де сол жаққа қарай тартқысы келеді», — деді М.Горбачев бейсенбі күні «Интерфакс» агенттігіне.
«Ашығын айтар болсақ, күллі әлемге билік етуді көксейтін бас жоспарына сәйкес ол бізді «қырғи-қабақ соғысқа» итермеледі. Ол біздің бәрімізді қайда апарады? «Қазір «қырғи-қабақ соғыс» ашықтан-ашық жүріп жатыр. Ары қарай не болмақ? Өкінішке орай, мұның соңы шын соғысқа айналып кетпейді деп айта алмаймын. Олар шын соғыс аша ма деп қорқамын», — деді М.Горбачев.
Оның ойынша, АҚШ пен Еуропадағы жағдайдың өзі оңай болып тұрған жоқ. «Еуропадағы елдердің бір бөлігі жақсы өмір сүріп жатыр, біреулерінің жағдайы мәз емес. Бәрі, соның ішінде Германия да АҚШ-сыз жақ аша алмайды» дейді экс президент.