Ресейді Еуропа кеңесінен шығарып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейді Еуропа кеңесінен  шығарып тастады

Ресейді Еуропа кеңесінен шығарып тастады

Әлемде Ресейге наразылық өршіп тұр. Осы елге санкцияны қарша боратып жатқан кәрі құрлық бұл жолы орыстарды Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясынан шығарып тастады.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

Осылайша 18 адам бірден орнын босатты. Думаның депутаттарын халықаралық ұйымнан кетіруді 160 депутат қолдап, дауыс беріпті. 11-і қалыс қалып, тек 42-сі ғана қарсы шыққан. Енді ресейліктер мына кең залда өзге елдермен иық тірестіріп отыра алмайды. Халықаралық маңызды істерге араласуға да мүмкіндіктері жоқ. Оған басты себеп, әрине, Украинадағы жағдай. Парлементтік ассамблеяның өкілдері енді Ресей Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтірмейінше қатарымызға алынбайды деп отыр. Ал ресейлік депутаттар ашумен тарқасты.