Божкодан сөгіс алған Өскеменнің шенеуніктері қар тазалауға қатты кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Божкодан сөгіс алған  Өскеменнің шенеуніктері қар тазалауға қатты кірісті

Божкодан сөгіс алған Өскеменнің шенеуніктері қар тазалауға қатты кірісті

Шығыстағы қалада қар қалмауы мүмкін! Өскеменнің шенеуніктері таяуда Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божкодан қатаң сөгіс алған еді. Соның нәтижесі болса керек, қазір қалада жаппай қар тазалау науқаны жүріп жатыр. Коммуналшылар тіпті ішті қойып, шаһар сыртын да сыпыруға кіріскен.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 185
Фото - Caravan.kz

Кенеттен техникалар қаптап, қалада жаппай қардың тазаланып жатқанына тұрғындар бастапқыда таңданыспен қараған. Оған себеп – мұнда екі айдан бері қар күрелмеген. Коммуналдық қызмет бар кінәратты жергілікті пәтер иелері кооперативіне артса, ал ондағылар жұрттан қосымша қаржы жинауды талап етіп келген екен. Енді, міне, ақша жинамай-ақ тазалық жүргізіліп жатыр. Сөйтсек, қардың шұғыл жиналуына Владимир Божконың Өскемен басшылығына жасаған ескертуі түрткі болыпты. Тек дер кезінде жиналмағандықтан үйіліп қалған қар оңайлықпен күрелер емес.