Үстел үстіндегі бұл коллекция балалардың мұрыны мен ішінен алынған. Онда ине де, түйме де бар. Дәрігерлердің ойынша, соңғы кездері осындай ұсақ-түйек заттарды мұрынына салып, арты қауіпті жағдайларға апаратын жәйттер көбейіпті. Әсіресе, қытай ойыншықтарының қуат бергіші мен магниттер өте қауіпті.
Дінмұхамед Рузуддинов, дәрігер:
-Әр түрлі ойыншықтардың магниттерін жұтып қойып жатыр.Әсіресе 3-4 жұтып қойса, ішекті бір-бірімен жабыстырады.Ішектерді теседі. Сондай кездерде операция жасаған кездеріміз болды.
4 жастағы Даяна ойнап жүріп, мандариннің қабығын мұрынына тығып жіберіпті. Ол ары кетіп қалғандықтан, баланың тынысы нашарлап жылаған. Ал анасы не болғанын түсінбей, дәрігерге әкелген.
-Енді сіңбір.Мұрыныңнан шықсын бәрі. Ашылды ма мұрының?Көрдің бе?
Ал 2 жастағы Нұршат қонақта жүріп пульттің қуат бергішін жұтып қойған. Қайта ол ары кетпей өңеште тұрып қалыпты. Десе де, баланың тамағын күйдіріп жіберген.
-Рентгенге түскеннен кейін көрдік баланың мына сүйегіне келіп тірелген екен. Оны былай шығаруға болмайды . Әзер шығарды дәрігерлер.
Даяна немесе Нұршат сияқты балалардың орта есеппен күніне жетеуі дәрігердің көмегіне жүгінеді екен. Әрі жыл санап олардың қатары артып келеді. Сондықтан дәрігерлер ата-аналардың балаға өте мұқият қарауын сұрап отыр.