Елімізде азаматтық істер сотта қаралмауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде азаматтық істер сотта қаралмауы мүмкін

Елімізде азаматтық істер сотта қаралмауы мүмкін

Адамдар арасындағы айтыс-тартыс  сотта мүлдем қаралмауы мүмкін. Еліміздегі Азаматтық іс жүргізу кодексіне сот медиациясын күшейту туралы өзгеріс енбек. Жаңа заң жобасы бүгін Мәжілісте таныстырылды.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

Яғни, жаңа кодекс бойынша медиатор сотқа арыз берген, тартысып жүрген тараптарды алдын ала кездестіріп, бітімгерлікке шақырады. Сөйтіп, азаматтық істерді мүмкіндігінше сотқа жеткізбеуді қарастырып жатыр.  Алдын ала тәжірибе де жүргізілген. 1 жылдың ішінде 4 мың іс бойынша медиация өткізіліп, өзара дауласқан 8 мың адам ортақ келісімге келіпті. Бұл әдіспен уақыт үнемдеуге, шығындарды қысқартып, араздасып жүргендердің  санын азайтуға болады екен. Судьялардың да жұмысы жеңілдейді. Өйткені бір судьяға күніне 10 азаматтық істен келеді. Сондай-ақ, жаңа кодексте адвокаттардың рөлі күшейеді делінген. Қорғаушы процес кезінде мемлекеттік органдардар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтама немесе қажетті құжат талап ете алады.


Нұрлан Әбдіров, Мәжіліс депутаты:

-Нақты ұсынысы бар азаматтарды пікірталасқа шақырамын. Жұмыс тобының отырысын алдағы уақытта өткіземіз. Бұл кодекстің әр отбасыға әсері бар.