Осылайша, 4-шағын ауданның оңтүстігінен «Нұр-Плаза» жағажайына дейін үлкен мұздың шеті қалыптасты. Бұл туралы метеорологиялық қызметтің мамандары хабарлады.
«2015 жылы 29 қаңтарда Ақтау қаласында Каспийде мұздың шеті қалыптасты. Оның қалыңдығы 80-90 метр. Бұл мұз қалыптасуының алғашқы формасы. «Нұр-Плаза» жағажайынан оңтүстікке қарай біртіндеп мұз қалыңдығы 1-5 метрге дейін жұқарып, кейін толық жойылады», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Маңғыстау филиалының инженер-гидрологы Нұрлан Сәрсенбаев.
Азаматтардың, әсіресе балалардың мұзға түсіп кетпеуі үшін құтқарушылар рейд ұйымдастырып тұрады.
