Фильм сюжетінде 80-жылдардың соңында кениялық браконьерлерге қарсы соғыс ашқан Ричард Ликидің басынан кешкендері туралы баяндалады. Сондай-ақ Лики ерте замандағы адамдардың сүйегін тапқан палеоантрополог ретінде танымал.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, картинамен жұмыс осы жазда басталады.
Айта кетейік, Брэд Питт пен Анджелина Джоли жақында «Теңізде» атты мелодраманың түсірілімін аяқтаған болатын. Жобаның қоюшысы Джолидің өзі болған.