Николай Семененко 1925 жылы 28 қаңтарда Талдықорған облысы Сарқанд ауданында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан ол 8 сыныпты тәмамдаған соң теміржол станциясында жұмыс істейді. 1943 жылы әскер қатарына шақырылады. Зеңбірек нысанашысы ретінде жіберіліп, Қиыр Шығыста әскери борышын өтейді. Үш ұлды тәрбиелеп өсірген Николай Семененко бүгінде балаларынан бес немесер, үш шебере сүйіп отыр. Жары Нина Петровна — тыл ардагері.
Ардарегер майданда көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен, «Соғыстағы ерлігі үшін» және «Қажырлы еңбегі үшін» медальдарымен, сондай-ақ Сталиннің алғыс хатымен марапатталған.
Қария құттықтай барған Мәулихат Шакирова өмірі ерлікке толы әрі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.