Алматы облысында бір айда ішімдік пен есірткіге елтіген 300-ге жуық жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір айда ішімдік пен есірткіге елтіген 300-ге жуық жүргізуші ұсталды

Алматы облысында бір айда ішімдік пен есірткіге елтіген 300-ге жуық жүргізуші ұсталды

 Алматы облысында осы айда көлікті мас күйінде немесе есірткі тұтынып басқарған 270 жүргізушіні ұстады.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Облыстың ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, көрсеткіштер екі есеге өскен.

Полицейлер жинаған материалдар сот органдарына жіберілді. Олардың шешімімен заң бұзғандар көлікті үш жылға басқару құқығынан шеттетілді. Облыстық полиция атап өткендей, ұсталғандардың 24-і есірткі тұтынған деп күдіктелуде. 246 жүргізушінің медициналық тексеру барысында алкогольді ішімдік ішкені дәлелденді.

Құқық қорғаушылардың ақпаратына сүйенсек, Талдықорған тұрғындарының бірі бұдан бұрын ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін жүргізушілік куәлігінен айырылған, тағы да мас күйінде рульді басқарғаны үшін полиция оған қатысты қылмыстық іс қозғады.

ІІД деректеріне сәйкес соңғы аптада Алматы облысының жолдарында мас күйінде 40 жүргізуші ұсталған.


Фактілердің көпшілігі Талдықорған, Талғар, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында анықталды.