Ресей бір жыл ішінде ҰҚКҰ бойынша әріптестеріне 650 млн $-дың қару-жарағы мен техникасын жеңілдікпен сатты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей бір жыл ішінде ҰҚКҰ бойынша әріптестеріне 650 млн $-дың қару-жарағы мен техникасын жеңілдікпен сатты

Ресей бір жыл ішінде ҰҚКҰ бойынша әріптестеріне 650 млн $-дың қару-жарағы мен техникасын жеңілдікпен сатты

 2014 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы Ресей Федерациясынан 650 млн $-дың қару-жарағы мен техникасын сатып алды.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 452
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы журналистерге бүгін ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді.
«Біздің мемлекеттеріміздің жасағына жеңілдік келісім бойынша, яғни үлкен жеңілдікпен небәрі 650 млн $-ға қару-жарақ пен техника сатып алынды», — дейді Н.Бордюжа.
2014 жылы Ресей әскери оқу орындарына ҰҚКҰ елдерінен 950 түлек қабылданды.
ҰҚКҰ-ға алты ел – РФ, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері кіреді. Ұйым құру туралы келісімшартқа 1992 жылы тоғыз мемлекет қол қойды (кейіннен Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан өз мүшелігін тоқтатты).