Калачи ауылынан тағы 16 отбасы көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачи ауылынан тағы 16 отбасы көшірілді

Калачи ауылынан тағы 16 отбасы көшірілді

 Тұрғындары «ұйқы ауруына» шалдыққан Ақмола облысы Есіл ауданының  Калачи ауылында тұратын 16 отбасы басқа аудандарға қоныс аударды,

  • 30 Қаңтар 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады аудандық әкімшіліктен.
Ақпаратқа қарағанда, 16 отбасы, яғни 46 адам Атбасар, Бұланды, Ерейментау аудандарына орналасқан.
Қалашы селосының және көрші Красногорск ауылының тұрғындары 2013 жылдың наурыз айынан бері дәрігерлерден “ұйықтап қалатын болдық”, деп көмек сұрай бастаған. Бәріне де "генезі анық емес энцефалопатия" диагнозы қойылған еді.
Жүргізілген көптеген зерттеулер бұл аурудың нақты себебін ашып бере алмады.
680 адамы бар Қалашы ауылы Красногорскі селолық округіне енеді, ол бұрын шахтерлер тұрған қала үлгісіндегі Красногорскі деген елдімекеннен 600 метр жерде. Оған жақын жерде 60-90- шы жылдары уран рудасы өндірілген. Уран өндірісі КСРО қираған соң 1991-1992 жылдары тоқтатылған болатын, шахталар жабылып, көмілген еді.