Б. Сұлтанов Қазақ хандығының 550 жылдығына қарастырылған қаражаттың көлемiн атады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сұлтанов Қазақ хандығының 550 жылдығына қарастырылған қаражаттың көлемiн атады

Б. Сұлтанов Қазақ хандығының 550 жылдығына қарастырылған қаражаттың көлемiн атады

Қазақ мемлекеттiлiгiнiң 550 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлауға арналған iс-шараларға 3 жылға 3 млрд. теңге бөлiнбек.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мәлiм еттi. 

"Мемлекет басшысының Қазақ хандығының 550 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге қатысты берiлген тапсырмаларын iске асыруға, депутаттардың ұсынысына сәйкес, үш жылдық бюджетте шамамен 3 млрд. теңге бөлу көзделуде", — дедi министр ҚР Парламентi Сенатының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттi талқылауға арналған отырысында. 

Оның атап көрсеткенiндей, Тiлдердi дамыту мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғастырылатын болады. Ол мақсатқа жыл сайын 3 млрд. теңге жұмсау қарастырылуда.