деп санайды адам құқы және заңдардың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Денис Живага.
"Олардың біздің қоғамдастыққа интеграциялатындай мүмкіндігі болады деп санамаймын. Ал енді интеграциялана алмаса, түрмеге түскенге дейін айналысқан шаруамен айналыспасына кім кепіл? Қазақстан үшін оның салдары қандай болуы ықтимал? Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда биліктің бұл шешімі түсініксіздеу”, деді "Интерфакс-Қазақстанға" Д.Живага жұмада Алматыда БҰҰ босқындар істер жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының Қазақстандағы ғаламдық науқанының басталуына орай өткен баспасөз мәслихаты арасында.
Оның деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта аталмыш бес тұтқын босқын ретінде танылу үшін ресми процедурадан өтуге тиіс. Ол шешімді ұлттық заңға орай республиканың ішкі істер министрлігі қарап қабылдайды.
"Рұқсат етілмесе, олар Қазақстаннан кетуге тиіс.Онда оларды қабылдаудың не мәні болды? Бірақ оларды пана беру үшін қабылдады ғой”, деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанда босқындарға көмек беретіндей не әлеуметтік, не түзетуші бағдарламалар жоқ. “Олар немен айналысады? Ұдайы біздің арнайы қызметтің бақылауында болады ма? Олар не қазақ тілін, не орыс тілін білмейді. Біз оларға террористік ұйым құратындай мүмкіндік беріп отырған жоқпыз ба? Бұ аса өткір мәселе”, деп алаңдауда сарапшы.
Алдында хабарланғандай, 2014 жылы 31-желтоқсан күні Гуантанамоның бес тұтқыны Қазақстанға келді. Олар түрмеде 10 жылдан аса отырған Тунистің екі азаматы және йемендік үш азамат.
Алдында олар Пәкістанда терроризм жасады, деген күдікпен ұсталған болатын. Оларға қарсы айып тағылмады, нәтижесінде АҚШ билігі оларды түрмеден босатып, өз аумағында қабылдауға дайын елге жіберуге болады, деген шешімге келген.