Сарыарқаның тарихы мен тұлғалары жайлы жинақ жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыарқаның тарихы мен тұлғалары жайлы жинақ жарық көрді

Сарыарқаның тарихы мен тұлғалары жайлы жинақ жарық көрді

Қарағандыда Сарыарқаның тарихы мен танымал тұлғалары жайлы сыр шертетін 100 томдық жинақ жарық көрді. Оған көне заманда өмір сүрген би-жыраулардан бастап осы заманға дейінгі Сарыарқа өңірінің бастан өткергені мен ақын жазушыларының еңбектері кірген.

  • 31 Қаңтар 2015
  • 469
Фото - Caravan.kz

Әрқайсысы 800 данамен жарық көрген 100 томдық жинақты шығаруға «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыс бюджетінен 90 миллион теңге бөлінген екен. Онда Бұқар жырау, Қаздауысты Қазыбек би, Әсет Найманбайұлы, Мәди, Тайжан, Шашубай, Нарманбет, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов көрнекті тұлғалардың барлығын кездестіруге болады. Арқа жеріндегі бертіндегі ақын жазушылардың еңбектері де еленіп, аттары аталған. Жобаның басы қасында жүргендер кітапті іздеп  оқудан қалып бара жатқан қазақ үшін жинақтың маңызы зор дейді.

Дидар Амантай жазушы :

-Шығармаларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия адал жұмыс атқарды. Оның ішінде қазақ өнеріне қазақ мәдениетіне үлес қосқан адамдардың кітаптары енді. Яғни комиссияның бәрі сын тезінен өтті. Шығармалары кірмей ренжіп қалған адамдар болса оның барлығы кейін қосылады, оның бөліп жаратын ешнәрсесі жоқ Кейінгі кітаптарға енеді деген үміттеміз