Биыл қардың көлемі жылдағыдан екі есе көп. Алда тағы бір ай қыс бар. Сонда да алдын ала қам жасау үшін облыста арнайы штаб пен 14 шұғыл қызмет атқару топтары құрылған. Сондай- ақ, суды бөгейтін 21 мың тонна құм салынған қаптар мен 400-ден астам арнайы техника да сақадай сай тұр. Өңірдегі үш су қоймасындағы жағдай қатаң бақылауға алынбақшы. Мұнымен қоса, көршілес Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасының басшылығымен де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтыр осы қоймадан мөлшерден көп су жіберілуі салдарынан Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданындағы бірнеше ауылды су басып қалған еді.
Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
-Қоймаларда судың деңгейі әлі тым жоғары. Оның үстіне биыл қар көп. Егер күн аяқ астынан жылып кетсе, елді мекендердің су астында қалу қаупі бар.