Елімізде несиесін төлей алмаған әскерилердің өзіне қол салуы көбейген - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде несиесін төлей алмаған  әскерилердің  өзіне қол салуы көбейген

Елімізде несиесін төлей алмаған әскерилердің өзіне қол салуы көбейген

Әскерилерге несие алуға мүлдем тыйым салынуы мүмкін. Себебі  қарызын өтей алмаған офицерлер арасындағы суицид жиілеген. Сондықтан еліміздің бас әскери прокуроры банк алдында берешегі барлардың дереу  тізімін жасауды талап етті.

  • 31 Қаңтар 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Статистика көрсеткендей суцидке барған әскерилердің көбі несиесін төлей алмай әбден діңкелеген. Оның соңы отбасылық кикілжіңге соқтырып, қаржылық қиындықтан шаршаған офицерлер араққа салынып соңында өзіне қол салады екен. Мұны зерттеу жүргізген психологтарда растап отыр. Тіпті кейбір әскерилердің басында бірнеше несие бар. Сондықтан прокуратура  олардың банктен қарыз алуға не түрткі болғанын немесе кімдердің мәжбүрлегенін анықтауға кірісті. Десе де, құзырлы орган әскерилер арасында өзін өлімге қиятындардың көбеюін әлімжеттікпен байланыстырып отырған жоқ.

Ерғали Мерзадинов
, ҚР Бас әскери прокуроры:  

-Өзіне қол салғандардың біреуі ғана әлімжеттіктің құрбаны болған. Қалғаны тұрмыстық қиындықтар, ал негізісі  яғни 60-70 пайызы сол несиемен байланысты. Сондықтан әр бөлімдерде тексеру жүргізіп,  кімнің қай банктен қанша көлемде несие алғанын анықтаңдар. Тізімін маған көрсетіңдер.