Грецияда су тасқынынан тарихи көпір қирады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грецияда су тасқынынан тарихи көпір қирады

Грецияда су тасқынынан тарихи көпір қирады

 Грецияның солтүстік-шығысымен Албанияның оңтүстігінде толассыз құйған нөсер жаңбырдан жүздеген адам құтқарылды, деп хабарлады ВВС. 

  • 2 Ақпан 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz


Нөсер жаңбыр Грецияның Эпирус провинциясында сенбі күні басталған. Жексенбі күні төрт өзен арнасынан шығып кетті. Су тасқынынан XVIII ғасырда салынған атақты Плака көпірі қираған.

Албанияның оңтүстігінде толассыз құйған жаңбырдан өзендер арнасынан шығып, ауыл шаруашылығының егіс алқаптарын жайлап кетті. Полиция мен әскер жергілікті тұрғындарды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.