ШҚО-да қатты аяз салдарынан мектептерде сабақ болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да қатты аяз салдарынан мектептерде сабақ болмайды

ШҚО-да қатты аяз салдарынан мектептерде сабақ болмайды

 Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өңірдің бірқатар елді мекендерінде мектептерде сабақ болмайтыны туралы хабарлады.

  • 2 Ақпан 2015
  • 359
Фото - Caravan.kz


Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Зырян қаласында 1-ші, 2-ші ауысымдарда оқитын 1-11 сынып оқушылары, колледждер мен лицейлердің І, ІІ курстың студенттері үшін сабақ болмайды (қаладағы ауа температурасы -34 градус). 

Сондай-ақ Қатонқарағай ауданында 1-ші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары (-30 градус), Күршім ауданында — 1-ші және 2-ші ауысымдарда оқитын 1-9 сынып оқушылары (-34), Семей қаласында 1-ші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары, колледждер мен лицейлердің І, ІІ курс студенттері (-30), Тарбағатай ауданында 1-ші, 2-ші ауысымдарда білім алатын 1-9 сынып оқушылары (-32), Бородулиха ауданында 1-ші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін (-28) сабақ тоқтатылды.