Таразда алты айдан астам уақыт бұрын қашып кеткен сотталушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда алты айдан астам уақыт бұрын қашып кеткен сотталушы ұсталды

Таразда алты айдан астам уақыт бұрын қашып кеткен сотталушы ұсталды

 Тараз қаласының орталығында бұдан алты айдан астам уақыт бұрын қашып кеткен сотталушы ұсталды, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаменті. 

  • 2 Ақпан 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz


«24 жастағы сотталушы (қарақшылық шабуылын жасағаны үшін жеті жылға сотталған) жұмыс нысанын (кірпіш зауыты) өз бетімен тастап кетіп, ЖД-158/5 қоныс-колониясында (Тараз қаласынан 30 шақырым жердегі  Құмжота кенті) жазасын өтеуден жалтарумен белгісіз бағытта із жасырған», — деп атап өтті облыстық ҚАЖ департаментінің өкілі Нұрахмет Сәрсен.

 «Содан бері іздеуде болды, қылмыстық іс қозғалды. ҚАЖ қызметкерлері қашқынның соңынан Жамбыл облысынан Қызылорда облысына, одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысына және қайтадан Жамбыл облысында дейін із кесіп, қолға түсірді. Енді бұрын еркін қозғалу құқығы берілген сотталушының түзеу мекемесіне оралмағаны үшін оны бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр, бірақ мұны сот шешеі», — деп қосты Н. Сәрсен.