Аштық жариялаған "Adam bol" журналының бас редакторына қосылған "Журналисты в беде" қорының президенті Есіргепов ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аштық жариялаған "Adam bol" журналының бас редакторына қосылған "Журналисты в беде" қорының президенті Есіргепов ауруханаға түсті

Аштық жариялаған "Adam bol" журналының бас редакторына қосылған "Журналисты в беде" қорының президенті Есіргепов ауруханаға түсті

 Сот шешімімен жабылған "Adam bol" оппозициялық журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның  аштық жариялауына қосылған "Журналисты в беде" қорының президенті Рамазан Есіргепов Алматыда кардиология  орталығына түсті.

  • 31 Қаңтар 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz

Сенбі күні, аштық жариялаудың алтыншы күні Есіргеповтың жағдайы нашардады. Жедел жәрдем оны қалалық кардиологиялық орталыққа жатқызды», — деп  журнал редакциясы мәлімдеді.

Дәрігерлер оның жүрегінің ишемиялық ауруы қозып, аритмия күшейгенін, қан қысымы 150/90 көтерілгенін, қандағы қант құрамы 2,8 бірлікке дейін түсіп кеткенін, аштық жариялағаннан бері 8 кг салмақ тастағанын анықтаған.

Алдында хабарланғандай, 19 қаңтар күні Г.Ерғалиева журналдың жабылуына орай аштық жариялаған. Ол журналды жабу туралы сот шешімін өзгертуді және айыппұл көлемін азайтуды сұрайды. Ал 26-қаңтарда аштық акциясына Р. Есегепов қосылған болатын. 

Өткен жылы 24-желтоқсанда Медеу аудандық соты "Adam bol" журналын жабу туралы қалалық әкімшіліктің ішкі саясат басқармасының қуынымын қанағаттандырған болатын.


Сондай-ақ, фейсбук әлеуметтік желісіндегі Adam dar  парақшасы "2015 жылы 2-ақпанда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы отырысының қарсаңында Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның  талаптарын қолдау штабының мүшелері Алматы әкімі Ахметжан Есімовпен кездесуге ниеттенуде" — деп хабарлайды.