Kcell компаниясының қаржы директоры болып Тронд Моэ тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Kcell компаниясының қаржы директоры болып Тронд Моэ тағайындалды

Kcell компаниясының қаржы директоры болып Тронд Моэ тағайындалды

 Kcell директорлар кеңесі 27 қаңтардағы жиында Тронд Моэны қаржы директоры етіп тағайындады.

  • 2 Ақпан 2015
  • 817
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Компания мемлекеттік органдардан тиісті рұқсат алғаннан кейін тағайындау күшіне енеді.
Kcell компаниясына келгенге дейін Тронд Моэ Лондонда Mode Group компаниясында бас қаржы директоры қызметін атқарды.
«Біз Трондтың Kcell қаржы директоры болуын құптаймыз. Қазіргі кезде біз өсім мен акционерлер үшін компания құндылығын арттыру стратегиясын жүзеге асыруды басты назарда ұстап отырмыз. Тронд  қаржылық жоспарлау және стратегиялық тәсілді тамаша үйлестіре отырып оз біліктілігін әкеледі», — дейді компания директорлар кеңесінің төрағасы Иан Эрик Рудберг .
Kcell бұрынғы қаржы директоры Бауыржан Аязбаев былтыр қазан айында компаниядан кеткен болатын.