Мысыр президенті «Әл-Жазира» телеарнасының тілшісіне рақымшылық жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр президенті «Әл-Жазира» телеарнасының тілшісіне рақымшылық жасады

Мысыр президенті «Әл-Жазира» телеарнасының тілшісіне рақымшылық жасады

Мысыр елінің президенті Әбдел Фатах ас-Сиси тыйым салынған «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысына көмектескені үшін

  • 2 Ақпан 2015
  • 406
Фото - Caravan.kz

жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген «Әл-Жазира» телеарнасының тілшісі, Австралия азаматы Питер Гристке рақымшылық жасады.

Мысырдың құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздеріне сүйеніп сілтеме жасаған Sky News Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Австралия тілшісі дереу өз еліне депортацияланады.

Бұдан бірнеше ай бұрын Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси арнаның шетелдік тілшілеріне рақымшылық жасау мүмкіндігін ойластырып отырғанын мәлімдеген.

Каир қаласының қылмыстық соты өткен жылдың 23 маусымында Катардың «Әл-Жазира» телеарнасының жеті тілшісін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Аталған БАҚ-тың тағы 11 өкілі шартты түрде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.