деп хабарлады «Ресейғарыштың» баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, зымыран тасығышы 1 ақпанда Астана уақытымен сағат 18:31-де Байқоңыр ғарыш айлағының алаңынан ұшырылды.
Зымыран тасығыштан бөлінген соң «Бриз-М» екпінді блогы мен «Инмарсат-5Ф2» ҒА-ынан тұратын орбиталық блок автономды ұшуын жалғастырды.
«Инмарсат-5Ф2» ҒА екпінді блоктан 2015 жылы 2 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:02-де бөлінді.
Айта кетейік, «Ресейғарыш» Байқоңыр ғарыш айлағынан«Протон-М» зымыран тасығышын 2015 жылы бірінші рет және ЗТ тарихында оны 402-ші рет ұшырып отыр.