Алматылықтар итті шанаға жегіп жарыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар итті шанаға жегіп жарыстырды

Алматылықтар итті шанаға жегіп жарыстырды

Алматылықтар жүйрік итті анықтады. Осы демалыста әртүрлі тұқымдас иттер шанаға жегіліп, өзара сайысқа түсті.

  • 3 Ақпан 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Мұндай жарыс Алматыда осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Оған иті бар кез-келген азамат қатыса алады. Ең бастысы – шанаға немесе шаңғыға жегілген ит жүйрік екенін дәлелдеуі керек. Олардың әрқайсысы иесімен бірге 700 метрлік межені бағындырды. Арасында сібір хаскилері ерекше көзге түсіп, иесінің сенімін ақтап жатты. Шанаға ит жегіп сайысқа түскен адамдардың ең кішкентайы – небәры 2 жаста. Ал белгіленген қашықтықты жылдам жүгіріп өткен команда бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды.

Елшат Тұрдиев, ит асыраушы:

-Бір жыл болып қалды мына итпен жүргеніме. Пародасы аляскалық маламут. Өзі осындай жүріске арналған. Бір жыл болып қалды осындай жарыстарға қатысып жүрміз.