Астанада автобус жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобус жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр

Астанада автобус жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр

Астаналық жол сақшылары 3 күннің ішінде жол ережесін бұзған 500 автобус жүргізушісі мен жүк тасымалдаушы көліктерді анықтап, жағаларын ұстап отыр. Тіпті, қоғамдық көлік жүргізушілерінің кейбірінде медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтама болмай шыққан.

  • 3 Ақпан 2015
  • 188
Фото - Caravan.kz

Жол сақшыларын шошытқан бұл ғана емес. 3 күндік тексеру кезінде әсіресе кейбір автобус жүргізушілері рөлде отырып телефонмен сөйлесуді әдетке айналдырыпты. Осылайша, көлік ішіндегі жолаушылардың ғана емес, айналадағы өзге де адамдардың өміріне қауіп тудырған. Ал, 200-ге жуық автобус техникалық тексеруден мүлдем өтпеген. Осылайша, жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізушілер мен автопаркке қомақты айыппұлдар салынды. Енді бұдан былай полицейлер мұндай рейдтерді жиі өткізуді жоспарлап отыр.