Генерал Жоламанов параны «аға» деген лақап атпен алып отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Генерал Жоламанов параны «аға» деген  лақап атпен алып отырған

Генерал Жоламанов параны «аға» деген лақап атпен алып отырған

Бүгін осылай қылмыстық топ құрып, ірі көлемде пара алды деп айыпталған тағы бір шенді – Шекара қызметінің экс-директорына қатысты сот қайта жалғасты. Өткен аптада генерал Нұрлан Жоламанов қайта-қайта өзін жайсыз сезіне берген соң, отырыс кейінге шегерілген болатын.

  • 3 Ақпан 2015
  • 230
Фото - Caravan.kz

Дегенмен, судьяда генералдың қан қысымына қарап отыратын уақыт жоқ. Адвокаттары да оны үйқамаққа ауыстыруды сұрағанымен, өтініштері ескерілген жоқ. Сондықтан Жоламанов сот залына бүгін қайта әкелінді. Ал куәгер ретінде жауап беріп жатқан қызметтестер генералдың былығын бірінен соң бірін әшкерелеп жатыр. Айтуларынша, «аға» деген лақап атпен танымал Жоламановқа ауық-ауық өз қолдарымен ақша жеткізіп отырған. Тіпті тоқалына дейін теңге сұратты деген еді өткен аптада бір куәгер. Шекара қызметінің экс-басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, тендерді ұтып беру үшін кәсіпкерлерден 252 миллион пара алды деп айыпталуда. Десе де генералдың өзі оның бірде бірін мойындаған емес.