Астанада тұңғышынан Тойотаны артық көрген ерлі- зайыптылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тұңғышынан Тойотаны артық көрген ерлі- зайыптылар ұсталды

Астанада тұңғышынан Тойотаны артық көрген ерлі- зайыптылар ұсталды

Астанада жаңа ғана туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған отбасы ұсталды.

  • 3 Ақпан 2015
  • 246
Фото - Caravan.kz

-Сөйлемеуіңізге қақыңыз бар.Айтқаныңыз сотта өзіңізге қарсы қолданылады.

Мына безбүйрек ата-ана полицейлердің қолына балпанақтай ұлын «Тойота Камри» автокөлігіне айырбастағалы жатқан жерде түсті. Жас жұбайлар жақында ғана шаңырақ көтерген. Өздері Өзбекстанның тумалары. Күйеуінің ғана 10 жылдан бері азаматтығы бар. Белгілі болғандай, сәбидің анасы жұмыссыз, ал әкесі қалалық кәсіпорындардың бірінде еңбек етеді. Жағдайлары да аса жаман емес екен. Сондықтан адамгершіліктен ада болған азғындардың мұндай әрекетке не үшін барғаны түсініксіз. Енді бұл екеуі Тойота менбек түгілі, біраз уақыт темір тордан шықпасы анық. Ал, салмағы 4 келіге жуық боп туылған балпанақтай ұл қазір қалалық ауруханалардың бірінде. Кейінірек жетімдер үйіне өткізілетін болады.