Стамбұл көрермендері Жәния Әубәкірованың өнеріне тәнті болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбұл көрермендері Жәния Әубәкірованың өнеріне тәнті болды

Стамбұл көрермендері Жәния Әубәкірованың өнеріне тәнті болды

 Стамбұлда Қазақстанның көрнекті пианисі, халық әртісі Жәния Әубәкірованың концерті аса жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 3 Ақпан 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz


Жәния Әубәкірованың концерттік бағдарламасында  әлемдік классикалық музыка шеберлерінің, оның ішінде С.Рахманинованың, Моцарттың, Бетховеннің, Шопеннің «Moderato», «Adagio sostenuto», «Allegro scherzando» және басқа да шығармалары орындалды.

Әлем классиктерінің шығармаларын аса жоғары деңгейде орындаған қазақстандық пианистің өнеріне Стамбұл тұрғындары тәнті болды.

Еске сала кетсек, Ж.Әубәкірова Маргарет Лонг пен Жака Тибо Халықаралық байқауының (Франция, 1983 г.) Гран-приі және «Қазіргі француз композиторларының шығармаларын ең үздік орындағаны үшін» атты арнайы сыйлығының, сонымен қатар Халықаралық камералық ансамбльдер байқауының (Франция, 1985 г.) Гран-приі иегері болып табылады. Жәния Әубәкірованың сололық концерттері мен орындаулары Қазақстанның, Түркияның, Францияның, Ұлыбританияның, Германияның, Жапонияның, Ресейдің, Польшаның, Италияның, АҚШ-ның, Израильдің, Грекияның және Мажарстанның ірі концерттік залдарында өткізілді.

Перейти к новостям спорта