Қазақ әдебиетіне үлес қосқан қаламгерлер марапатталды - Бейжің - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ әдебиетіне үлес қосқан қаламгерлер марапатталды - Бейжің

Қазақ әдебиетіне үлес қосқан қаламгерлер марапатталды - Бейжің

 Бейжіңде Қытай аз ұлттар жазушылар қоғамы мен «Ақсай» қазақ әдебиеті қоғамы ұйымдастырған байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

  • 3 Ақпан 2015
  • 454
Фото - Caravan.kz

 Мұнда жергілікті қазақ қаламгерлерінің проза, поэзиядағы төл туындылары мен қытай-қазақ әдебиетіндегі тың шығармалар, таңдамалы аудармалар бағаланды, деп хабарлайды 24.kz. 

Байқауда бір жыл бойы аз ұлттар тілінде басылып шыққан 107 әдеби шығарма сараланып, қазылар алқасы қазақ басылымынан 5 автордың шығармасын үздік деп таныды. Бас жүлде — 20 мың АҚШ долларын Ерлан Нұржыханұлының «Көлеңке көзіндегі елес» жыр жинағы еншіледі. Ал Айдос Амантайұлының қытайша жазылған «Айдос-Шолпан» романы жас қаламгерлер арасынан үздік шықты.  

«Бұл сыйлық қытай-қазақ әдебиетінің көркейіп келе жатқанын білдіреді әрі болашақта одан әрі дамуына күш береді деп ойлаймын»,-дейді жазушы Айдос Амантайұлы.


Перейти к новостям спорта