ШҚО: Дегелең стансасында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: Дегелең стансасында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті (ФОТО)

ШҚО: Дегелең стансасында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті (ФОТО)

Кеше "Семей-Дегелең стансасы" темір жолының 252 шақырымында жүк пойызының 19 бос вагоны жолдан шығып кетті. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаментінен. 

  • 3 Ақпан 2015
  • 490
Фото - Caravan.kz


Тауарлық құрам 60 вагоннан тұрған. Апат салдарынан бірнеше пойыз, атап айтқанда, Семей стансасында «Защита-Астана» жолаушылар пойызы, «Семей-Павлодар» бағытындағы екі жүк пойызы өз кестелерінен бір сағаттан артық уақытқа бөгелді. Дегелең стансасында «Дегелең-Семей» бағытында жүрген көмір тиелген үш жүк пойызы кешіктірілді. 

Оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сағат 09:20-де Семейден «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалынан 13 адам мен 5 техника (2 кран: ЕДК-300/2, ЕДК-1000/2; 2 трактор; 1 № 29 жөндейтін-реттейтін пойыз) жіберілді.

Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша аталған оқиға пойыздардың қатынауын 1 сағаттан артық уақытқа кешіктірді. Ал сағат 17:58-де апат салдарын жою жұмыстары аяқталды.

2 

3 

4