Қазақстандықтардың шетелдік жұмысшыларға қарағанда аз жалақы алу оқиғасы азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың шетелдік жұмысшыларға қарағанда аз жалақы алу оқиғасы азайды

Қазақстандықтардың шетелдік жұмысшыларға қарағанда аз жалақы алу оқиғасы азайды

Елімізде шетелдік жұмысшылардың жалақысымен салыстырғанда қазақстандық қызметкерлердің еңбекақысының төмен болуы факітелері айтарлықтай төмендеді.

  • 3 Ақпан 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

«Жалақы бойынша, шетелдіктермен салыстырғанда, біздің жұмысшылардың құқығын белден басу жағдайлары белең алған еді. Қазіргі кезде бұндай іс-қимылдар үшін тиісті органдар қатаң жазалап жүр. 2013 жылы 200 тексеріс жүргізіліп, 128 құқық бұзушылық анықталса, 2014 жылы болған 400 тексеріс кезінде 4 құқық бұзушылық орын алды», — деді Ә. Құсайынов.

Осы орайда ол бұндай жағдайлар болған кезде, жұмыс берушілерге қомақты көлемде айыппұл салынатындығын еске салып өтті.