Аджман әмірлігінің (БАӘ) билеушісі Қазақстанмен байланысты дамытуға мүдделілік танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аджман әмірлігінің (БАӘ) билеушісі Қазақстанмен байланысты дамытуға мүдделілік танытты

Аджман әмірлігінің (БАӘ) билеушісі Қазақстанмен байланысты дамытуға мүдделілік танытты

Бүгін Дубайдағы және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консул Арман Исағалиевтің Аджман әмірлігінің билеушісі шейх Хумейд бин Рашид Ан-Нуеймимен кездесуі өтті.

  • 3 Ақпан 2015
  • 522
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық дипломат билеушіні БАӘ жеті әмірліктерінің бірі өткен жылдың желтоқсанынан бастап елде қызметін бастағаны жайлы хабардар етті. ҚР Бас консулының айтуынша, Қазақстан мен Аджманда туризм, өнеркәсіп, екі жақты инвестиция және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда жақсы мүмкіндіктер бар.

Атап айтқанда, әмірлік аумағында «Ajman Free Zone» еркін экономикалық аймағы жұмыс істейді. Ол ҚР-ға капитал тартып және инвестиция құйып екі жақты әріптестікті кеңейтуде белсенді ұстанымға ие.

А. Исағалиев өткен жылдың қарашасында Аджманда ҚР бес облысы әкімдерінің орынбасарлары мен екі елдің жүздан астам кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен қазақстандық-әмірлік бизнес форумы өткенін атап өтті.

Өз кезегінде, шейх Хумейд бин Рашид Ан-Нуейми Қазақстан Республикасымен қатынастарды жандандыруға әзірлігін білдірді. Әмірлік билеушісінің айтуынша, Аджаманда ірі халықаралық әуежай салыну жоспарлануда, бұл қазақстандық туристер санының өсуіне ықпал етеді, тұтастай елдер арасындағы өзара тауар айналымы да арта түсуіне септігі тиеді.

Осы бағытта ҚР Бас консулы әңгімелесушісін «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық темір жол маршрутының ашылуына байланысты жаңа сауда-экономикалық перспективалар жайлы хабардар етті, бұл отандық кәсіпкерлерге Парсы шығанағы жағалауына тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, тасымал құнын едәуір арзандатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа А. Исағалиев әмірлік инвесторларын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық даму бағдарламасының аясында ірі инвестжобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.