Кәсіпкерлік кодекс жобасы қолданысқа енгеннен соң 11 заңның күші жойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлік кодекс жобасы қолданысқа енгеннен соң 11 заңның күші жойылады

Кәсіпкерлік кодекс жобасы қолданысқа енгеннен соң 11 заңның күші жойылады

Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жобасы таныстырылды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Кәсіпкерлік кодекс жобасын әзірлеп, онда қазақстандық кәсіпкерлер қызметінің негізгі қағидаттарын және олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын бекітуді тапсырған болатын. Елбасы: «бұл - қазақстандық бизнестің конституциясы болуы тиіс», - деген еді.

  • 3 Ақпан 2015
  • 551
Фото - Caravan.kz

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Әділет министрлігі Кәсіпкерлік кодекс жобасын дайындаған. «Жалпы кодекс жобасының мақсаты Қазақстандағы кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, оның ішінде мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жою, сондай-ақ еліміздегі кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді жүйелеу болып табылады», — деді жиынды ашқан Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов.

Оның сөзіне қарағанда, Кәсіпкерлік кодекс жобасында жалпы қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдар шоғырландырылған. Атап айтқанда, мұнда қолданыстағы 11 заң жинақталып отыр. Сонымен қатар, кодексте кәсіпкерлік, дара кәсіпкерлер мен коммерциялық заңды тұлғалар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы секілді бірлестіктердің жұмыс істеу жағдайлары туралы да жалпылама нормалар қамтылған. Жалпы кодекс жобасы 465 баптан тұрады.

«Кодекс жобасы аса күрделі. Еліміздегі барлық министрліктер мен ведомстволардың бұған қатысы бар. Сондықтан да, заң жобасын талқылау барысында олардан мұқияттылықты талап ететін боламыз. Әсіресе, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму министрлігіне және Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ерекше белсенділік талап етіледі», — деді депутат С. Әйімбетов.