Қостанай тұрғындары жаппай тұмауратып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай тұрғындары жаппай тұмауратып жатыр

Қостанай тұрғындары жаппай тұмауратып жатыр

Ақпан айында тұмаудың тағы бір толқыны тұрғындарды сұлатуы мүмкін. Қазірдің өзінде солтүстік өңірлерде тұмау дендеп барады. Соңғы бір аптаның өзінде Қостанай облысында мыңнан астам тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бәрінің ауру белгілері бірдей: дене қызуы көтеріліп, жөтел қысады. Мамандар жұртқа оның алдын-алу шараларын тағы бір еске салды.

  • 4 Ақпан 2015
  • 370
Фото - Caravan.kz

Соңғы үш айдың ішінде облыстың 22 мың тұрғыны дертіне дауа іздеп, дәрігерлерге қаралған. Басы ауырып, құрғақ жөтел мен дене қызуы көтерілген науқастарға ақхалаттылар жедел респираторлық вирустық инфекция деген диагноз қойыпты.

Зәуре Бейсенова, Қостанай қалалық №1 емханасының мейірбикесі:

-Былтыр тұмауға қарсы 2500 адамға екпе жасадық. Ауырғандр көп.

Науқастар санының күрт көбеюін мамандар күн райының тұрақсыздығынан деп топшалайды. Мың құбылған табиғаттың тосын мінезіне адамның еті үйреніп болмайды. Оның үстіне өзінің денсаулығына бей-жай қарайтындар жиі кездеседі екен.

Мұстафа Саламанов, Қостанай қаласының тұрғыны:


-Табан астында науқастанып қалдым. Дене қызуым көтеріліп, мазам болмады. Жаттығудан шыққан едім, мүмкін терлеп тұрып суыққа шыққаннан шығар. Өзіме де дауа жоқ, жеңіл киініп жүрдім.

Дәрігерлер мұндай жағдайда сұйық тағамдар ішіп, дәруменді көбірек қабылдауға кеңес береді. Ауа арқылы тарайтын дертті жұқтырмас үшін, адам көп шоғырланатын орындарға бармаған абзал. Ақхалаттылар жұқпалы індет ақпанның ортасында ерекше күш алуы мүмкін деп қауіптенеді. Одан үрейленгендері сонша, қарсы тұру шарасына әлден-ақ кірісіп кеткен.