Американың жаңа елшісі Назарбаевты көруге асығып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Американың жаңа елшісі Назарбаевты көруге асығып жүр

Американың жаңа елшісі Назарбаевты көруге асығып жүр

Әлемдік геосаясаттағы басты ойыншылардың бірі АҚШ-тың Қазақстанға тағайындаған жаңа елшісі бүгін алғаш рет Астанаға келді. Арқа төсіне ат басын тіреп, қызметіне белсене кіріскен Джордж Крол Ақордаға баратын күнді асыға күтіп жүргенін жасырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевты тездетіп көргісі келетін айтып ағынан жарылды.

  • 4 Ақпан 2015
  • 205
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тан буынып түйініп жеткен жаңа елшіге бұдан-былай Арқаның климатына үйренуге тура келеді. Бұған дейін Өзбекстанда үш жарым жыл елші болып, палау пісіріп үйренген 59 жастағы Джордж Кролға енді қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тататын сәт туды. Қысқасы, тәжірбиелі дипломат Орта Азия аймағын жақсы біледі. Ал бүгіннен бастап осы аймақтағы көшбасшы мемлекеттердің бірі – Қазақстандағы  Американың көзі, құлағы һәм тілі. Елшінің алдында екі ел арасындағы қатынасқа тың серпін беру міндеті тұр. Оның үстіне әлемдегі геосаяси жағдай ушыққан тұста, Ақ үй мен Ақорданың арасындағы байланыстың қарқын алатыны белгілі.