2009 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды - Атырау - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2009 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды - Атырау

2009 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды - Атырау

Атырау стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері  2009 жылдан бері іздеуде жүрген Атырау облысының 27 жастағы азаматын қолға түсірді.

  • 4 Ақпан 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz

Ол жалған ақшаларды сақтап және оны өткізіп алаяқтық жасағаны үшін, яғни  ҚР Қылмыстық Кодексінің 206-бабының 2-бөлімі және 177-бабының 2-бөлімімен күдікті деп танылған. Аталған азамат бой тасалап қашып жүрген жерінен, Жылыой ауданында ұсталды.

Қазіргі уақытта Атырау облысының абақтысына қамауға алынды.


Тергеу амалдары жүргізілуде.