Мұхаммед пайғамбар туралы өлеңдер байқауында көксулық ақын үздік деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхаммед пайғамбар туралы өлеңдер байқауында көксулық ақын үздік деп танылды

Мұхаммед пайғамбар туралы өлеңдер байқауында көксулық ақын үздік деп танылды

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Мәуліт тойының аяқталуына орайластырылған шара өтті. 

  • 4 Ақпан 2015
  • 1074
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетейік, әлем мұсылмандары Пайғамбардың туған күнін бір ай бойы атап өтті. 

Жетісу тұрғындары үшін Мәулітті облыстық деңгейде мерекелеу дәстүрге айналды. Жыл сайын оның өткізілу ауқымы ғана емес, шаралар деңгейі де артып келеді. Осылайша, егер өткен жылдың бағдарламасында айтыс ұйымдастырылса, биылғы жылы бастамашылар Пайғамбар туралы үздік өлең туындыларына байқау жариялады. 

Бұл шараға 30-дан астам адам қатысқан, олардың бесеуіне ғана сыйлық берілді. Бірінші орынға Көксу ауданының дарынды жас ақыны Шұғайып Ақынұлы лайық деп танылды. 

Шараға Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдері қатысты. Олар жиналған қауымға Мұхаммед пайғамбардың өмірі, оның діншілдік, мейірімділік және рақымдылық сияқты қасиеттері туралы айтып берді.