Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолға түсіру кезінде ол «БМВ-525» көлігімен полицейлерді қағып, қашып кетпек болған.
Тінту барысында оның қалтасынан тапанша мен оқ табылды.
Сонымен қатар, ол мініп жүрген көліктің былтыр қазан айында ұрланғаны белгілі болды.
Тексеру кезінде оның бірқатар қылмыстарға қатысы бары анықталды. Қазір күдікті оқшаулағышқа тоғытылды.