Қарағанды облысының прокуратурасы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеруді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының прокуратурасы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеруді тапсырды

Қарағанды облысының прокуратурасы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеруді тапсырды

 Қарағанды облысының прокуратурасы еңбек инспекциясына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының жалақысын қысқарту фактісіне байланысты компанияны тексеруді тапсырды.

  • 4 Ақпан 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz


«Тексеру компания әкімшілігінің әрекетіне құқықтық баға беру мақсатында басталды. Заң бұзылғаны анықталған жағдайда жұмысшылар құқығын қалпына келтіру шаралары қолға алынады», — деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тексеру қадағалау органының ерекше бақылауына алынды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, меткомбинат қаржылық қиындықтарға байланысты қаңтар айының жалақысын қайта есептейтінін мәлімдеген болатын. Компания әкімшілігі шетелдік қызметкерлердің айлығын 50 пайызға, жергілікті мамандардың жалақысын 25 пайызға қысқартпақ.